Абиба Абужақынова дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Абиба Абужақынова дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Абиба Абужақынова Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. 48 келіге дейінгі санаттың 1/4 финалында ол сербиялық Мелисса Николичтен мықты болды. Ол бұған дейін Аманда Лима (Бразилия) мен француз спортшысы Ширин Буклиді де жеңген.