Қазақстанға күніне бас сауғалап қанша ресейлік келеді?

Қазақстанға күніне бас сауғалап қанша ресейлік келеді?

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Нақты қанша адам Қазақстанға кіргенін айта алмаймын. Тәулігіне Ресейден 8000-9000 мың адам келсе, 10 000-11 000 адам шығып  кетіп жатыр. Келгенінен кеткені көп», – деді министр.
Министр депортацияланғандардың да нақты санын айтпады. Бұған дейін мобилизациядан қашқан ресейліктер саны күрт көбейіп, Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.