Алғашқы алтын! Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

Алғашқы алтын! Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

Алуа Балқыбекова Амманда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, – деп хабарлайды Vesti.kz. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтынға таласуға мүмкіндік алған еді. Ал бүгін финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан, жерлесіміз алтынды жекпе-жексіз иеленіп отыр. Осылайша, еліміздің маңдайалды былғары қолғап шебері өткен жылғы жетістігін қайталап, Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр.