«Аштан өлетін болдым»: халал тамақ іздеген ақтаулық күні ертең қазанды теппей ме? – видео

«Аштан өлетін болдым»: халал тамақ іздеген ақтаулық күні ертең қазанды теппей ме? – видео

Ақтау қаласында орналасқан Maida кафесінің Instagram-дағы ресми парақшасында «Дәмді тағам іздедіңіз бе?» деген тақырыппен жарнамалық ролик жарияланды. Дәмхананың мәртебесін арттыру мақсатында түсірілген видеода жағалауда жейтін тамақ таппай, өмірден түңілген ер адам тамақ пісіретін ыдысты тебеді. Видеода ыдысты тепкен ер адам «Аштан өлетін болдым...» деп айқайлайды. Сол сәтте ту сыртынан Maida кафесінің қызметкері бір тәрелке палау ұсынып, «жеп көрші» деп жалынады.   Видеоның толық нұсқасы мынадай:  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ресторан халяльной кухни | АКТАУ (@maida.aktau)

Қазақ халқы тамақ пісіретін ыдыс, қазанды теппеген. "Қазаның оттан түспесін" деп бата берген. Жаугершілік заманда батыр Махамбет Өтемісұлының "Қара қазан, сары баланың қамы үшін қылыш сермедік" дейтіні де қазанның қазақ халқы үшін қастерлі ұғым екенінің дәлелі.