Көлік ұрлап қашқан ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған – видео

Көлік ұрлап қашқан ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған – видео

Атырауда көлік ұрлаған ер адам ұсталды. Полицейлерден қашқан ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, 5 желтоқсан күні сағат 20.00 шамасында 49 жастағы әйел 102-ге хабарласып, бес минут бұрын өз үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera автокөлігін белгісіз адам заңсыз айдап әкеткенін айтты. Полиция «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтады. Оқиға орнына жедел жеткен «Батыс-15» қызметкерлері автокөлікті Махамбет-Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында тоқтатқан кезде күдікті полицияға бағынбай, автокөліктен түсіп, қашып кетеді. Күдікті жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол апатын жасайды. Кейін полиция қызметкерлері күдіктінің жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалғанын анықтады. Күдіктіні ұстады. Тексеру барысында 34 жастағы ер адамның «Автокөлікті айдап әкетуші» және «қалта ұрысы» тізімдік санатында есепте тұрғаны анықталды. Ұрланған автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүріп жатыр.   https://youtu.be/fUlRVLMZbMk