Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысы ұсталды, сот санкциясымен олар 2 ай мерзімге қамауға алынды, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Осы адамдарға қатысты террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасуда.