NASA зерттеу тобы Айда үнемі +17°C температура сақталып тұратын үңгірді тапты. Үңгір Ай базасын құруға таптырмас орын болуы мүмкін. АҚШ, Ресей мен Қытай арасында Айды игеру бәсекесі басталған сияқты. АҚШ пен Қытайдың Айда базалық станса салу жоспарларын Aikyn.kz-те осыған дейін де жазған болатынбыз. Жақында РБК агенттігі 16 қарашада NASA Айға «Орион» ғарыш кемесін ұшырғаны, бұл Artemis миссиясының 1-кезеңі екенін жазды. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасай отырып, Айда базалық станса жасау перспективасын талдайды. [caption id="attachment_231067" align="aligncenter" > Artemis миссиясын АҚШ үкіметі қаржыландырады, бағдарламаның мақсаты – Айда пайдалы қазба өндіру. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Artemis миссиясын АҚШ үкіметі қаржыландырады, ол 2017 жылы басталған. Бастапқыда бағдарламаның мақсаты деп Айда коммерциялық тұрғыда пайдалы қазба байлықтарын өндіру болды.2019 жылы NASA Artemis бағдарламасының жоспарын жариялады. Ғарыш агенттігі Айда тұрақты базалық қоныс жасауды, осылайша болашақта Марсты зерттеудің негізін қалауды көздеп отыр. Миссияның бірінші кезеңінде Айдың айналасында экипажсыз және адамның басқаруымен ғарыш кемесін ұшуларды жүзеге асырып, кейін ғарышкерлерді Жердің табиғи серігіне қондыру жоспарланды. Екінші кезеңде Айға тұрақты ұшу сапарларын ұйымдастырып, сонда инфрақұрылым жасау көзделген. [caption id="attachment_231068" align="aligncenter" > Айдан Жер осылай ғажап болып көрінеді. Айда атмосфераның болмауына байланысты метеориттердің соғу күші мен жылдамдығы жоғары. Сондықтан соқтығысқан тастар мен сынықтарының қаупі зор. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Айда базалық станса салудың қиындығы төмен температура, радиация және метеориттермен байланысты. Базаны орнату үшін қауіпсіз орын табу NASA-ның Айды зерттеу жоспарлары үшін өте маңызды, бұл – өте қолайсыз жер. Ондағы температура түнде -280ºС күндіз +260ºС дейін өзгереді.
Айдың магнит өрісі болмағандықтан, астронавтар Жердегіден 200 есе күшті радиацияға ұшырайды. Атмосфераның болмауына байланысты метеориттердің Жерге қарағанда соғу күші мен жылдамдығы жоғары. Сондықтан соқтығысқан тастар мен олардың сынықтары өте қауіпті.Айдың күндіз-түнгі циклі Жердің 30-ға жуық күніне созылады, сондықтан ғарышкерлер де қатарынан 15 күн қараңғылық пен 15 күн жарыққа үйренуі керек. Осындай қауіптерден астронавтарды қорғайтын Айдағы лава түтіктері болуы мүмкін. Лава түтіктері – 2 миллиард жыл бұрын Айда жанартаулар атқылауынан пайда болған тереңде орналасқан туннельдер.
2009 жылдан бері астрономдар лава түтіктерінің төбелері құлаған кезде пайда болған 16 шұңқыр тапты. Болашақ астронавтар түтікке шұңқыр арқылы кіріп, үңгірде өздеріне тұрақты база сала алады. Бұл оларды ғарыштық радиациядан және метеориттерден қорғайды, сонымен қатар Ай бетіне тікелей шығуға мүмкіндік береді.[caption id="attachment_231070" align="aligncenter" > Лава шұңқырларында температура Цельсий бойынша +17 градус шамасында. Бар қиындық шұңқырға кіріп, одан шығу. Олар 100 м тереңдікте орналасқан, бұл 30 қабатты ғимараттың биіктігіндей. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Лава түтігінде қалыпты температура сақталады. Онда астронавтар температураның үлкен ауытқуынан құтылады.
Зерттеушілер компьютерлік модельдер мен NASA орбитасында жылу камерасы жинаған мәліметтерді қолданып, шұңқырлардың көлеңкелі бөлігіндегі температура Цельсий бойынша +17 градус шамасында болатынын анықтады.Бірақ бар қиындық шұңқырға кіріп, одан шығу. Лава шұңқырлары 100 м тереңдікте орналасқан, бұл 30 қабатты ғимараттың биіктігіндей. Егер NASA бұл проблемаларды шеше алса, онда астронавтар Айдағы болашақ базалар үшін мол энергия үнемдей алады.
Зерттеу авторларының бірі Дэвид Пейдж: «Ежелгі адамдар үңгірлерде өмір сүру арқылы дамыған. Біз Айда өмір сүрген кезде осыған ораламыз», – дейді. Жаратылыс заңдары да адамдардың Жерден тыс мекендерін үңгірден бастағанды жөн көрген болар.