Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты

Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты, – деп хабарлайды Vesti.kz. Шавкаттың негізгі қарсыласы Джефф Нил жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Бұл кездесу 14 қаңтар Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өту керек болған. Осыдан кейін Рахмоновты өзге америкалық Брайан Барберена жекпе-жекке шақырып, аралық салмақта жұдырықтасуды ұсынды. Қазақстандық файтер бұған келісіп отыр және ол Вегастағы турнирді өткізіп алғысы келмейтіні анық.

– "UFC, мен дайын, ол дайын, тағы не керек?" – деп жазды Рахмонов Instagram желісінде.