Қазақстанда 12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

Қазақстанда 12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

Аяз күшейіп, кей өңірде боран болғандықтан 10 қаңтар күні 12 аймақта мектеп оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқиды. Астана қаласында 1-ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11-сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында 1-ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11-сыныптар, Күршім ауданында 0-9-сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 1-ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4-сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9-сынып оқушылары үйден білім алады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Сабақты онлайн форматта оқуға мәжбүр.