Қазақстандық спортшыны Таиландта тонап кетті

Қазақстандық спортшыны Таиландта тонап кетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Артем Резников Таиландта оны тонап кеткенін айтты. Жеңіл салмақта өнер көрсететін файтердің сөзінше, оқиға олар ұйықтап жатқан болған. Тонаушылар 7000 долларды қолды еткен, дегенмен құжаттарға тиіспепті. 31 жастағы Резников жеңіл салмақтағы Гран-при финалында жұдырықтасатын ACA лигасында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Эдуард Вартанян болмақ. Жекпе-жек мамыр-маусым айларына жоспарланған, жеңімпаз 200 000 доллар алады.