Азия чемпионаты: бүгін 11 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Азия чемпионаты: бүгін 11 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финал өтеді. Шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады. Жекпе-жекті тікелей эфирден Астана уақытымен сағат 13.00-де тамашалауға болады. Боксшылардың қарсыластары: 48 келі Санжар Тәшкенбай — Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд) 54 келі Нұрсұлтан Алтынбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан) 57 келі  Махмұт  Сабырхан — Джеричо Акайлар (Филиппины) 60 келі Талғат Сырымбетов — Пхутханет Родсук (Таиланд) 63,5 келі  Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Тулга Оюнбаатар (Моңғолия) 67 келі  Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа) 71 келі Сабыржан Аққалықов — Довуд Махкамов (Тәжікстан) 75 келі Диас Молжігітов — Аиликути Кахаер (Қытай) 80 келі Ерасыл Жақпеков — Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан) 92 келі Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) +92 келі  Аманат Сабырғали — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан). Азия чемпионаты 26 қаңтарда аяқталады.