Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдық белдесулеріндегі қарсыластары белгілі болды. Турнирдің финалында Қазақстан ерлер құрамасынан алты спортшы өнер көрсетеді: Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов ( 71 келі) мен Диас Молжігітов (75 келі). 48 кг. Санжар Ташкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан) 54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Флинт Джара (Филиппин) 57 кг. Махмуд Сабырхан - Саравут Суктет (Тайланд) 67 кг. Абзал Серік — Бехзод Хамидов (Өзбекстан) 71 кг. Сабыржан Аққалықов — Нурислом Исмоилов (Өзбекстан) 75 кг. Диас Молжігітов - Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).