Депутат Светлана Романовская Қазақстанда жарнама жасаған Instagram аккаунтарды бұғаттауды ұсынды, – деп жазады Tengrinews.kz. Романовскаяның айтуынша, кейінгі кезде әлеуметтік желілерде жұлдыздар жарнама жасаумен жиі айналысады. Депутат миллионнан аса жазылушысы бар актерлер, әншілер, вайнерлердің не жарнамалап жатқаны тексерілмейді. Соның салдарынан көбіне синтетикалық есірткілер мен қаржы пирамидаларының жарнамасы көбейген. «Бұл – өз абыройын төгу деген сөз. Жарнамалайтын өнімді, ақпаратты бастапқыда тексеру керек, адамдарды шатастырмауы қажет. Олар өзіне керек ақшаны алды, ал жазылушыларына немқұрайды қарады. Жұлдыздардың еш қатысы жоқ деуге болмайды. Оларға ақша берді, олар да жарнамасы үшін ақша алды. Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек», – деді Светлана Романовская. Сондай-ақ депутат әлеуметтік желіде жарнама орналастыру ережелерін қатаңдату керегін айтты.