Түркияның оңтүстік-шығысында 10 провинцияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты. Бұл туралы Aikyn.kz "Анадолыға" сілтеме жасап хабарлайды. Табиғи апаттан көз жұмғандардың саны – 35 418 адам. Зардап шеккен 105 505 адам емделіп жатыр. Биыл 6 ақпанда Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы 7,8 балға дейін жетті. Апаттан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты. Олардың мәйітін Сыртқы істер министрлігі мемлекеттің қолдауымен елге жеткізді. Алматы мен Талдықорғанда жерледі.