Жемқорлық жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», – деп жазылған ресми мәлімдемеде.Сот төрағасы бола тұра Мадемаров сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оңды шешім шығаруға жәрдемдескені үшін азаматты алдап, 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаржы алған. Ақыры сот төрағасының өзі соттың алдында жауапқа тартылды.