Оңтүстік Кореяда іздеу жарияланған екінші қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда іздеу жарияланған екінші қазақстандық ұсталды

Инчхон әуежайында қашып кеткен екінші қазақстандық азамат корей полициясына өз еркімен берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған Қазақстанның екінші азаматы корей полициясына өз еркімен берілді. Қазақстан Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсететін болады, – деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен болатын. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екіншісіне іздеу жарияланды.
«Болған оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүріп-тұруына қарсы белсенді күресуіне, сондай-ақ біздің отандастарымыз үшін елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін», – деп мәлімдеген еді Сыртқы істер министрлігінен.