Мемлекет басшысының Жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған. 1994 жылдан 1999 жылға дейін – Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисі. 1999-2001 жылдары – Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2001-2005 жылдары – Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2008-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры. 2017-2020 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысы. 2020-2022 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі. 2022 жылдың қаңтарынан ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып келеді.