Жылқылар адамды таптап жатыр – желіде көкпардан жантүршігерлік видео тарады

Желіде аттардың астында қалып тапталған ер адамның жантүршігерлік видеосы пайда болды. Бұл видеодағы оқиғаның көкпар кезінде болғанын аңғаруға болады.

Ойын алаңының шетінде жүрген ер адам өзіне қарай топырлап келген көкпаршылардан қашпақ болады. Алайда  үлгермей, көпкпаршылардың бірі оны атпен қағып құлатады.

Қалған ойыншылар құлап жатқан азаматтың маңындағы көкпарға таласып, одан бетер таптап кетеді. 

Оқиғаның қай өңірде болғаны белгісіз.

"Ат үстіндегі бірде-бір жігіт құлаған адамға көмегін тигізбей кетті", делінген видеода.

Желі қолданушылары "Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл көкпар", "Бастысы жеңіп, сыйлық алу болып тұр ғой", "Ең бастысы адамға көмек беру керек" деген түрлі пікірлерін білдіруде.