Президент үш елшіні қызметке тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшіні қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.