Шахматшы Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді. Бұл – нағыз сенсация!

Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамасы арасындағы жарыста шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньнан басым түсті. Жеңіс туралы Instagram-дағы alga.peterburg парақшасында видео жарияланды. 

«Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді. Бұл – нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Былтыр блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның әлемді мойындатқан шахматшылары туралы жазған болатынбыз.