Қатты күйік шалған он жасар балаға жиырма шақты ота жасалды

Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Баланың күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйіктен емделіп бастағаннан кейін жағдайы жақсарды, - деді ол.

" Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.