Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ә.Бейсенов осы уақытқа дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.  

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,  делінген хабарламада.

Ә. Бейсенов осы уақытқа дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы қызметін атқарды.