Маңғыстау облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі туралы хабарламалар 26, 27 және 29-ықшамауданының тұрғындарынан да келіп түскен.

Бүгін сағат 12.30 шамасында Маңғыстау облысында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін бірнеше ықшамаудан тұрғындары да сезді.

«Мен 4-қабатта тұрамын. Жерасты дүмпуін сездім, аспалы шамдар қозғалды», – деп хабарлады 26-ықшамауданның тұрғыны.

Жер сілкінісі туралы хабарламалар 26, 27 және 29-ықшамауданның тұрғындарынан келіп түскен.

Volcano Discovery мәліметінше, Маңғыстау облысында 4,5 балдық жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.