Жүргізуші куәлігін 100-300 мың теңгеден «саудалаған» алаяқ ұсталды

Наурызбай аудандық полиция басқармасына бес жәбірленуші арызданған.

Жүргізуші куәлігін сатып алуды «жөн санайтындар» алаяқтарға әлі де сенеді. Құжатқа қолы жетпеген соң, полициядан араша сұрайды. Алматы полициясы «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп елді алдаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Наурызбай аудандық полиция басқармасына бес жәбірленуші арызданған. Алаяқ жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін көмек көрсететінін айтқан. Күдікті ұсталды. 

«Күдікті «қызметі» үшін 100-300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. 26 жастағы Ж. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. 

Полицейлер дәл осы күдіктіден алданған адамдар болса, фотоны мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8 707-808-75-88; 8-747-699-70-02. 

Бұған дейін жүргізуші куәлігінің фотосын 125 мың теңгеге сатып, түпнұсқа үшін тағы да 80 мың теңге талап еткен әйел ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.