Алматыда қонақүйден 26 жастағы шетелдік әйелдің мәйіті табылды

Қылмыстық істі тергеуді Полиция департаментінің басшысы тікелей қадағалайды.

Алматы облысы Қарасай ауданында қонақүйден 26 жастағы өзбекстандық әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz  Алматы облыстық ПД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14:25-те оқиға туралы полицияға хабар түскен.

«Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген 34 жастағы күдікті ұсталды. Қамауға алынды», – деді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.