Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова Poddubny Wrestling League күрес лигасы турнирінде жеңіске жетті

Жәмила 75 кг-ға дейінгі салмақта күресті

Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова Poddubny Wrestling League күрес лигасы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Жәмила 75 кг-ға дейінгі салмақта ресейлік Ксения Буракованы тізе бүктірді, есеп – 6:5.

Poddubny Wrestling League / Поддубныйдың күрес лигасы – әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіби балуандар лигасы.