3 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған

 Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып кетіп, бала  сол жерде мерт болды.

Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.

«Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды» делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.