Әлем чемпионаты: бүгін Ташкентте үш боксшы шаршы алаңға шығады

Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан үш боксшы рингке сынайды. 

Сағат 14:00-дегі жарыста Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда Абдул Карим Батилимен кездеседі.

Астана уақытымен 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасады.

Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен өзара мықтыны анықтайды. 

Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңісі туралы жазған болатынбыз.