Абылай Мырзахметов тергеу изоляторына қамалды

Абылай Мырзахметов жемқорлық үшін күдікке ілінді.

Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абылай Мырзахметов алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр.

Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі.