Сириялық SANA мемлекеттік агенттігі хабарлауынша, түрік әскерилері Сирия ӘӘК-тің екі ұшағын атып түсірді. Агенттіктің хабарлауынша, сириялық екі ұшақ Идлиб маңында атып түсірілген. Пилоттар катапультацияланған. Сонымен қатар, Идлиб маңында түріктің ұшқышсыз ұшағы атып түсірілген. САР Қарулы күштерінің қолбасшылығы провинцияда әуе жолдарын жабу туралы шешім қабылдаған. Ал Anadolu агенттігі сириялық екі Су-24 бомбалаушысы Түркия ӘӘК ұшақтарына шабуыл жасауға әрекет жасағанда атып түсірілгенін хабарлап отыр. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сириялық армияның әуе шабуылына қарсы үш қондырғысы жойылған, олардың бірі Түркия ӘК-нің Саракиб қаласының түбінде ұшақсыз ұшқышын атып түсірген. Идлибте 27 ақпаннан кейін жағдай ушыға бастады. Үкіметтік әскер қарсы соққы жасады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуеден соққы жасалғанда, астында түрік әскері де қалып қойған.