Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ: 20 мамырда шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
20 мамырда Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.
20 мамырда Жетісу облысында жаңбыр, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с. Талдықорған қ.: 20 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
20 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 20 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі.
20 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 20 мамырда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 20 мамырда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
20 мамырда Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 20 мамырда найзағай күтіледі.
20 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Алматы қ: 20 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с. Конаев қ: 20 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17-22 м/с.
20 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 20 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
20 мамырда Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
20 мамырда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ: 20 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.