Алматыда фасфуд сататын дүңгіршек өртенді

Бүгін Алматыда тағам сататын дүңгіршек өртенді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен іргелес орналасқан ғимараттарға қауіп жоқ. 

Өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы Сейфуллин даңғылы, 541-үй мекенжайына шұғыл жетті.

«Қазіргі уақытта 15 шаршы метр аумақта бос тұрған гамбургер сататын дүңгіршек ашық жалынмен өртеніп жатыр. 11 қызметкер мен 4 техника өртті сөндуге жұмылдырылды», – деді департамент өкілі. 

Бұған дейін кафе өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Фото: zakon.kz