Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ болжанады.
Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы болады.
Күндізгі уақытта 06-07 маусымда солтүстікте, 06 маусымда орталық пен шығыста +41°С дейін, 08 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады. 08 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстықтың 22 + 30°С дейін төмендеуі күтіледі.