Қызылордада бір ауданда 12 мектептен 500 миллион теңге жымқырған

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Астанаға келіп, халық алдында есеп берді.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бір ауданда 12 мектептен 500 миллион теңге жымқырылғанын айтты,– деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«ҚазАқпараттың» жазуынша, брифингте журналист өңірде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатқанын сұрады.

«Біз құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге білім саласындағы көп тексеру жүргізіп жатырмыз. Қазір  бір ауданның өзінде 12 мектепте 500 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғаны белгілі болды. Сол бойынша қазір іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Тексеруден соң шешім қабылданады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылордада халықтың арыз-шағымы үнемі тексеріледі.