Оралда 5 қабатты үйден өрт шықты

Оқиға 11 маусым күні Зачаган кенті Теміртау көшесі 19-мекенжайында болған.

Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 11 маусым күні Зачаган кенті Теміртау көшесі 19-мекенжайында болған.

«Сағат 11.32-де екінші қабатта балкон жанып, жалын жатынжай бөлмесіне ауысып, жеке заттар, жиһаз отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. Пәтердің иесі – 88 жастағы кейуана. Жоғары және төменгі қабаттардан 18 адам өздері үйден шыққан, олардың үшеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 18 адам 5 техникамен қатысты. «Тілсіз жау» сағат 11.51-де оқшауланып, 12.13-те ауыздықталды»,  деп хабарлады ведомстводан.