«Бетперде киіңіз» – Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті

Абай облысында ормандағы өрт өршіп барады.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, орман өрті жел бағытына қарай өзгеріп, түтіні енді Жетісу облысына жетті.

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы желдің бағыты өзгеріп, алапат орман өрті өршіді. Соның салдарынан Жетісу облысының бірнеше ауданын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабыр сақтап, маска (бетперде) тағуды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу жолдарының ауруы бар адамдарға және қарттарға үйден шықпауға кеңес берді.