Абай облысындағы өрт: жоғалып кеткен тракторшы өлі табылды

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Абай облысының полицейлері 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облысы ПД-ның кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейінгі ер адамның ізін тапқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.

Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko