Алматыда жасырын қару-жарақ қоймасы табылды

Мамандар оқиға орнына барды.

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп,  жасырын қару-жарақ қоймасын анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Жедел іздестіру нәтижесінде, Алматы қаласы Көкқайнар шағынауданынан табылған «Сайга» және «МР-18 ЕМ-М» тегіс ұңғылы бірнеше мылтық, 7 дана патрон, граната табылды. Қазір  табылған қаруларға   сараптама тағайындалды. Оқиға орнына  Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасының жедел-тергеу зерттеп жатыр», – делінген ҚАЖД-ның хабарламасында.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы