Алматыда бір мезгілде бес көлік бір-біріне соғылды

Алматыда жол апаты болды.

Райымбек даңғылында Емцов пен Өтеген батыр көшесінің арасында бес көлік соғылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Hyundai Sonata көлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жолаушыны түсіріп, екінші қатардан кері бұрылмақ болған.

Бұл кезде Lexus көлігі даңғыл бойымен кері қарай кетіп бара жатқан, оның соңын ала Daewoo Nexia және Mercedes келе жатқан.

Daewoo Nexia мен Hyundai соқтығысқан. Mercedes қатты жылдамдықпен келе жатып Nexia-ға соғылған. Nexia екпінмен жаяу жолаушының жолына шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Hyundai жолда айналып барып, Lexus-ке, сонан соң Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Daewoo Nexia жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, Hyundai Sonata иесінің айтуынша, ол көлікті салоннан несиеге алған және айдап жүргеніне екі ай ғана болған.

Қазір оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.