"Қазгидромет" ескертеді: Алматы мен Астанада ауа райы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері сенбі, 1 шілдеде Алматы мен Астанада қолайсыз ауа райы күтілетінін айтты.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында қолайлы ауа райы күтілуде.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). Осы болжамға сәйкес, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қолайсыз ауа райында ұсынылады:

көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көздерінің жанында өткізілетін уақытты азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;

өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүру керек;

ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Денешынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін синоптиктер жаздың екінші айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Олардың айтуынша, температура фонында ауытқулар күтілуде.