БҚО-да жасөспірім бала суға батып кетті

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр

Батыс Қазақстан облысында 14 жасар бала суға кетіп қалды.

Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 маусым күні Ақбұлақ ауылдық округінде болды.

«Сағат 19.19-да жергілікті тұрғындар Ақбұлақ ауылынан 500 метр жердегі сайдан 2009 жылғы баланың денесін шығарып алды. Бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.