4 шілдеде синоптиктер дауылды ескерту жариялады

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады.

Еліміздің бірнеше өңірінде 4 шілдеде дауылды ескерту жарияланды.

Астанада күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдауы мүмкін, өрт тұтану қаупі жоғары.

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында өрт тұтану қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың батысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Кокшетау қаласында 4 шілдеде күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус ыстық болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында 35-36 градусқа дейін күн ысиды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді. Күндіз 35 градус ыстық болуы мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, 5-6 шілде солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. 4 шілдеде күндіз облыстың таулы аудандарында, 5-6 шілдеде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-батыстан жел тұрады . 4-6 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 5-6 шілдеде күндіз найзағай жарқылдайды. 5-6 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 4-6 шілде аралығында өрт тұтану қаупі жоғары болады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз кей уақытта екпіні 27 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық сақталады. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 35 градус ыстық болады, өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін күн ысиды. Облыстың оңтүстік-батысында өрт тұтану қаупі жоғары.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 4 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн 35 градусқа дейін ысиды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында да өрт тұтану қаупі жоғары.

Түркістан облысының тауларында күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдауы ықтимал.