Ауадан ақша жасап отыр – Қызылордада жанармай құю бекетінің қылмысы әшкере болды

Видеоны түсірген адамның айтуынша, оқиға Қызылордадағы жанармай құю бекетінің бірінде орын алған.

Видео food.kz инстаграм парақшасына жүктелген.

Ол жерде ер адам бензин құю барысында жанармай есептегіш өзінен-өзі айналып жатқанын айтады. 

Өз кезегінде ер адам ашуға булығып бұл жағдайды түсіндіруді сұрайды, ары қарай оқиға қалай өрбігені туралы әзірге мәлімет жоқ.