ШҚО-да жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, тағы бір жол апаты 13:30 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.