Семейде жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт көз жұмды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

20 маусым күні Audi 100 көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші Шәкәрім даңғылының бойында келе жатып рульді басқара алмай апатқа ұшырады.

Салдарынан жүргізуші есін жимастан, ауруханада қайтыс болды.

Қылмыстық кодекстің  345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жарияланбайды.