Алматыда есірткі дайындаумен айналысқандар ұсталды

Қылмыстық іс Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде тергеліп жатыр.

Алматы полициясы есірткі дайындаумен айналысқан үш күдікті азматты ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, бас айыпталушының көлігін тәртіп сақшылары Жандосов көшесінде тоқтатты. 30 жастағы Е. есімді азаматтың көлігінен ерекше иісі бар кристалданған зат салынған сөмке табылды.

«Ұсталған азамат өзінен тәркіленген зат мефедрон есірткі екенін мойындады. Ер адамның айтуынша, ол бұл шөпті достарымен бірге синтетикалық есірткі өндіру үшін ұйымдастырған уақытша зертханада жасаған. Зертхана Алматы облысы, Іле ауданы аумағындағы жалдамалы үйде орналасқан. Ғимаратты тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, шикізат пен сатуға дайын өнімдер табылды және тәркіленді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Айтуынша, «өндірушілер» есірткіні өздері таратқан.

«Тағы екі күдікті – 28 жастағы М.есімді азамат пен 29 жастағы С.есімді азамат есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері жасаған арнайы іс-шара кезінде қолға түсті», – деді ол.

Полиция өкілінің сөзінше, Қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі тергеп жатыр.

«Сот-химиялық сараптама тағайындады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Күдіктілер қамауға алынды», – деді спикер.