Ерболат Досаев алматылықтардан кешірім сұрады

Ерболат Досаев үлкен мегаполистерді дамыту жол инфрақұрылымын ретке келтірумен байланысты екенін айтты.

Алматы қаласының әкім Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде көше жөндеу жұмыстары үшін қала басшылығы атынан халықтан кешірім сұрады.

Алматы қаласында 6 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзеніндегі көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Әкімнің айтуынша, ол 1 қыркүйекке дейін аяқталады.

«Бостандық ауданының жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 шақырым 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеге - әл-Фараби және Абай даңғылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұған дейін жөндеу жұмыстары әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ маусым айынан бастап аудандағы 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды: Вахтангов көшесі Жандосов көшесінен Лебедев көшесіне дейін және Тұрғыт Өзал көшесі Қ.Сәтбаев көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін. Қалған 18 көшеде жұмыс 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыс қазан айына дейін аяқталады.