Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Өрт жартасты, таулы, жетуі қиын жерлерде тұтанған. 1 700 метрден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта ағаштарды шарпыды.
Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жану орнына жетті.
«Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отырады.
Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті.
155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.