Астанада тағы бір көпір салынады

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді.

Астанада бірқатар көпірлерді күрделі жөндеу және салу бойынша жұмыстар жүріп жатыр: олар Тәуелсіздік бойындағы көпір құрылысы, Алаш – Бөгенбай батыр тасжолы бойындағы өтпе жолды күрделі жөндеу, Пушкин көшесі бойындағы өтпе жолды («Можайский» көпірі) жөндеу жұмыстары. Сондай-ақ Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсекова көшесінің қиылысында айналма жол салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарларымен танысты.

 

Мысалы Кенесары көшесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді (КазГЮУ университетінің ауданы) жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді.