Полиция Шымкенттегі жанкүйерлер төбелесі туралы ресми мәлімет таратты

Оқиға Шымкент қаласында болған.

27 шілдеде Шымкенттегі Қажымұхан атындағы стадионда «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) және «Легия» (Польша) командалары арасында футболдан жарыс өтті. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйері арасында ауызша ерегес болды. Қоғамдық тәртіпті қадағалаған полицейлер дер кезінде әрекет етті. 

Нәтижесінде, жанжал болған жоқ. Бұзақылықтың алдын алды.